Текст
2023 жылғы 23 қарашада "Әдебиет каһармандарының шеруі" қашықтық байқау-фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Байқауға Ақмола облысының 35 оқушысы қатысты. Егіндікөл ауданының атынан Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Ергеш Хафса және Жанбатыр Иса қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Ергеш Хафса 12-ден 14 жасқа дейінгі жас санатында 1 - ші, ал Жанбатыр Иса 15-тен 17 жасқа дейінгі жас санатында 2-ші орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!