"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен- экоблогермін

18.01.2024

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Мен-Экоблогермін» аудандық онлайн-байқауы өткізілді. Байқауға Егіндікөл ауданының 3 мектебі қатысы: Ұзынкөл ауылының ЖОББМ, Егіндікөл ауылының № 2 ЖОББМ, Спиридоновка ауылының ЖОББМ.

Онлайн-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1.«Экомультфильм» номинациясы - қоршаған ортаны сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау және балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру тақырыбын насихаттайтын экологиялық тақырыпта анимациялық ролик жасау (қорғау 3 минуттан аспауы қажет).

2. «Қыста құстарды тамақтандыр» номинациясы - қатысушылар өзі немесе сыныппен, ата-аналармен, педагогтармен бірге ұя жасап, құстарға жем беру, тамақтандыру, қамқорлық жасау жұмыстарын фото және бейне материалдары арқылы ұсынады.

«Экомультфильм» номинациясы бойынша Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Ергеш Хафса – белсенді қатысқаны үшін

«Қыста құстарды тамақтандыр» номинациясы бойынша :

1 орын иелеген Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  4 сынып оқушылары

2 орын иеленген Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Ергеш Нұрислам

3 орын иеленген Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің    7 «Б» сынып оқушылары Романова Дарья, Симирозум Константин, Казчук Арсений, Карпов Кирилл.

Жүлделі орын иеленген оқушыларды құттықтаймыз. Спиридоновка ауылының ЖОББМ оқушыларына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз

 

Просмотров: 809


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст