Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні Егіндікөл ауданының білім беру ұйымдарының көркем әдебиет пәні мұғалімдері арасында сырттай «Педагогикалық ізденіс» аудандық педагогикалық шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты-білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби және шығармашылық қызметін дамыту, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, білім алушының тұлғасының қолайлы қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
Байқауға Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі, Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі, Спиридоновка, Полтавск,Ұзынкөл ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты.
Байқау «Сабақты әзірлеу» номинациясы, «Жобалық қызмет» номинациясы, «Мұғалімнің шығармашылығы» номинациялары бойынша өткізілді.
Комисия шешімімен «Педагогикалық ізденіс» педагогикалық шеберлік конкурсын қорытындысы келесідей|:
«Сабақты әзірлеу» номинациясы:
1 орын иеленген Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Мырзак Юлия Николаевна
«Мұғалімнің шығармашылығы» номинациясы:
1 орын иеленген Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Трысбаев Канат Джамбулович
2 орын иеленген Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Нугманова Гаухар Омаровна
«Жобалық қызмет» номинациясы:
1 орын иеленген Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Ососкова Галина Александровна