Былтырғы оқу жылында егіндікөл ауданының барлық білім беру ұйымдарында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы жаппай енгізілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы оқушыларға дұрыс өмірлік ұстанымдарды, жалпыұлттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын күшейтуге, жасөспірімдер ортасында жағымсыз құбылыстардың алдын алуға (қылмыс, қорқыту, нашақорлық, вейптерді пайдалану және т.б.) бағытталды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде балалардың білімге, ұлттық бірегейлікті сақтауға, патриотизм сезімін сақтауға деген ұмтылысын қалыптастыратын, сондай-ақ белгілі бір тақырыптар мен мерейтойлық даталарға арналған іс-шаралар өткізілді.
Бағдарлама шеңберінде ауданымыз бойынша “Жеткіншектің жеті жарғысы”, “Еңбегі адал - жас өрен”, “Балалар кітапханасы”, “Қарияға қол ұшын соз”, “Қалдық заттарға екінші өмір”, Ұлттық мектеп лигасы” т.б. әлеуметтік жобалар жургізілді. Бұл жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ауданымыздың 9 мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылды, қосымша «Даналық мектебі» отбасылық клубтары жұмысқа қосылды, «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секцияларын ұйымдастыру арқылы қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік әлеуетін өзектендіру көзделді.
Отбасылық клубтардың жұмысына қосымша «Әкелер кеңесі» жұмысқа қосылды. Клубтардың жұмысы шеңберінде іс-шаралар өткізу (мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандары) қамтылады. Кеңесші ретінде клубтардың жұмысына психологтар, әлеуметтік педагогтар, жергілікті полиция қызметінің, әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері енгізілді. Үкіметтік емес ұйымдар балаларды тәрбиелеудің өткір мәселелері бойынша психологтар, дәрігерлер, әлеуметтанушылар қатарындағы ата-аналар мен үздік тәлімгерлердің қатысуымен диалог алаңдарын ұйымдастыра отырып, клубтардың жұмысына үлкен көмек көрсетті.
Алдағы оқу жылында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде ұлт бейнесіне әсер ететін құндылықтар жүзеге асырылатын болады.