"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілетін “Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы”

13.04.2026

Егіндікөл ауданының білім беру ұйымдарында ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілетін “Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы”  онкүндігі басталды.
Бұл мәдени-ағартушылық бастама оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Онкүндік ішінде мектептерде кітап көрмелері, әдеби кездесулер, ертегілерді оқу сағаттары, шығармашылық конкурстар, пікірталастар және оқуды насихаттауға және отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Жобаны іске асыру мектеп кітапханасының білім беру үдерісіндегі рөлін нығайтуға, сондай-ақ кітапханашылар, педагогтар, оқушылар мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.
Іс-шараларға 1-11 сынып оқушылары, мектеп кітапханашылары, мұғалімдер, сынып жетекшілері мен ата-аналар қатысады.
Онкүндік балалар әдебиетінің үздік үлгілерін насихаттауға, оқу және сөйлеу мәдениетін, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, сондай-ақ отбасылық оқудың тұрақты дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат

/public/files/2026/4/15/150426_121617_balalar-debiet-onkndk-slaid-1304.pptx

Просмотров: 900


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст