02.03.2022
"Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы" КММ негізгі іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 25 ақпанда Егіндікөл ауылы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында баскетболдан ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында, Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары (қыздар) арасында жарыс өтті.
Жарысқа Егіндікөл ауданы мектептерінің 6 командасынан 50 қатысушы қатысты. Турнир жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі
2 орын: Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі
3 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі.
Үздік шабуылшы Эйхвальд Екатерина (№2 ЖОББМ), турнирдің үздік сұрмергені болып Темірхан Назым (Полтавское ЖОББМ), Үздік қорғаушы Руснак Валерия (Қоржынкөл ЖОББМ) танылды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен және командалық сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Баскетболдың "Мектеп лигасында"облыстық жарыстарда сәтті өнер көрсетулеріңізге тілектеспіз!